• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 1, 2024
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңес мүшелерінің бірлескен отырысы өтті.
Жиынға қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңес мүшелері, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, «ҚР денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы, «Шымкент қаласының және Түркістан облысының жекеменшік клиникалар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелер және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындау үшін әзірленген Жол картасындағы денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылда атқарған жұмысы, сонымен қатар 2024 жылға арналған жоспар және медицина саласындағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы талқыланды.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті мекеме басшылары баяндама жасап, кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға ұсыныстар айтылды. Атап айтсақ, қаладағы медицина мекемелерінің барлығы аккредиттелуден өтуі және халықтың арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша ақпараттандыру жұмысын күшейту сынды бірқаттар ұсыныстар айтылды.
Жиын соңында Партияның сайлауалды бағдарламасында медицина саласына айрықша басымдық бергенін білесіздер. Жақында заң жобасы қабылданып, Мемлекет басшысы қол қойды. Заңда медицина қызметкерлерін қолдау, жас мамандарға жәрдемақыны көбейту мәселесі шешімін тапты. Сонымен қатар, мүгедектіктің алдын алу үшін комплекстік скринингттеу жұмысын кеңейту шаралары қарастырылған. Жалпы кеңестердің тиімділігі өте артып отқанын және кеңес мүшелері берген ұсыныстардың барлығы ескеріліп, көп мәселелер кеңестің карарындағы күн тәртібінен алынып жатқанын айтып, Партия денсаулық саласындағы барлық мәселелердің жүйелі шешілуін үнемі бақылауда ұстайды,- деді Жанар Әлібекқызы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика