«AMANAT» партиясы жанындағы «Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері» жөніндегі республикалық кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының орындалуы және медициналық ұйымдар мен мекемелердің кредиторлық берешегін шешу жолдары талқыланды.
Кеңесті «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Д.Кәрібек төрағалық етіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, уәкілетті министрлік пен мекемелердің басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен Кеңес мүшелері қатысты. Ал Шымкент қаласынан қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, өңірдегі «Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері» жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшелері және денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары С.Дүйсебаева ВКС платформасы арқылы қатысты.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Ай-Нұры» бастауыш партия ұйымының І-тоқсанда атқарған жұмысының есебі тыңдалды. Жиынды партияның Әл-Фараби аудандық филиалы Атқарушы хатшысы Жүнісбек Ердәулет жүргізді. Жиынға Шымкент қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы қатысты.
Сұлтанова Төрайым төрағалық ететін «Ай-Нұры» бастауыш партия ұйымында – 2226 партия мүшесі болса, оның ішінде 1733 жұмыс жасаушы, 7 студент бар, зейнеткер – 123, бала күтімі бойынша декреттік демалысты — 240, жұмыссыз – 117, мүмкіндігі шлектеулі – 5 азамат бар.
«Ай-Нұры» бастауыш партия ұйымының жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын кезеңімен жүзеге асырып келеді. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Әл-Фараби ауданындағы қария кісілердің үйлерін аралап, тұрмыс- тіршілігімен танысып, оларға медициналық тексеру жұмыстары бойынша «Ай-Нұры» медорталығының дәрігерлері мен мейірбикелері ұдайы көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Қарызсыз қоғам» және «Ұлттық мұра» жобалары аясында түрлі шаралар тұрақты түрде өткізілуде.