Аудан әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Басқосу барысында аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Руслан Ендібаев, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Баймырза Бейсембаев, аудандық білім бөлімінің бас маманы Фарида Оспанова баяндама жасады. Бұдан бөлек, аудан прокуроры Даулет Тлемисов құқық бұзушылық қылмыстарының шешімін табу жолында заң жүзінде жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Атап айтқанда, жасөспірімдерге қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында арнайы қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жалғыз жүрмеу, танымайтын көлікке мінбеу, әлеуметтік желілерде бөтен адамдармен байланысқа түспеу керектігі төңірегінде түрлі сынып сағаттарын, түсіндірме жұмыстарын, тәрбие іс-шараларын жүргізу, жол көлік оқиғаларының профилактикасы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Арман Сәбитұлы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алмауы үшін, аудандық білім беру мекемелерінің тәрбие саласына жауапты директордың орынбасарлары, аудандық полиция басқармасының жастары кәмелетке толмағандар ісі бойынша бөлімшесінің инспекторларымен бірлесіп, бұл бағытта талдау жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ, адам өліміне алып келетін оқиғалардың алдын алу, кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі