ХХІ ғасырда негізгі даму факторы -қоғамның барлық саласының үздіксіз жаңғыруы болып табылады. Қазақстанда барлық мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамының принциптеріне, жоғары әлеуметтік жауапкершілікке, халықтың әлсіз топтарына бағытты көмек көрсетуге масштабты түрде қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР Президенті: «Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы — адам капиталының дамуына салынған көлемді инвестициялар болуы керек» — деген болатын. Осы орайда балаларды сүйіспеншілік пен жарасымдылықта өмір сүріп, тәрбие алуына мүмкіндік беретін салауатты әрі іргесі берік отбасын құруға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамыту арқылы адам капиталына салынып жатқан инвестицияны қарастыру өте маңызды. Себебі салауатты, іргесі берік, тату, материалдық жағдайы жақсы отбасы – ең жоғары құндылық әрі мемлекеттің іргетасы. Ол бала мен ересек адамға сүйіспеншілік, қамқорлық, сенімділік, бауыр басу сезімдерін сезінуге мүмкіндік беріп, буын арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бұл мәнмәтіндегі өзекті мәселе жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың институтсыздандыру саясаты мен отбасылық тәрбие формаларын дамыту болып табылады. Бұл жетім балаларды әлеуметтендіру, бейімдеу, оңалту және социумға біріктіру, олардың девиациясы мен қылмысқа араласуының алдын алу мәселелерін сәтті әрі тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді. Қазір мемлекет бойынша жұмыс істеп тұрған интернат мекемелерін ресми түрде де, іс жүзінде де қайта ұйымдастыруға бағытталған процестер жүргізіліп жатқаны кездейсоқ емес, біз жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың баламалы жүйелерін дамыту процесіндеміз. ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті мен аймақтық қорғаншылық және қамқоршылық органдары институтсыздандыру және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу стратегиясын жүзеге асыруда. Бала тәрбиесінде институционалдық тәсілден бас тарту баланы тәрбиелеу үшін алуға дайын отбасыларды ұлттық масштабта 97 іздеу арқылы жүргізіледі. Балалардың интернат мекемелерінен алмастырушы отбасыларға көптеп орналастырылуы, ИТБМ балалар санының азаюы байқалуда. Сондықтан асырап алушы отбасы институтын дамыту үшін елде материалдық, құқықтық, консультациялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық шарттар мен мүмкіндіктерді құру қажет. Бұл халық арасындағы әлеуетті асырап алушы отбасылар санын арттыру үшін де маңызды. Жүргізілген зерттеу күні бүгін балаларды отбасыларға орналастыру бойынша қызметтің негізгі мәселелерін анықтап берді: • •азаматтардың жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасында тәрбиелеудің түрлі формалары бар екені және оның мүмкіндіктері туралы хабарының аздығы; • •қорғаншы және қамқоршы отбасылардың аз қаржыландырылуы және материалдық және материалдық емес ынталандырудың қосымша механизмдерінің жоқтығы/жеткіліксіздігі; • •республикалық және аймақтық деңгейде интернат мекемелерінің желісін қайта ұйымдастыруға және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру қызметін қамтамасыз етуге ынтаның жоқтығы.
R-ақпарат