Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, тиісті дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Басқосу барысында тиісті бөлім басшыларының аталған тақырып туралы баяндамалары тыңдалды. Бұдан бөлек, қиын отбасыларға әлеуметтік қолдау, отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға ықпал жасау, мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік, зорлық-зомбылық, ақша жинау фактілерін анықтау мақсатында жалпы білім беретін мекемелерде сауалнамалар жүргізу туралы мәселелер талқыланды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі ата-ана мен ұстаздардың ұдайы назарында болуын және олардың арасында құқық бұзушылықтар туындаған жағдайда комиссия шұғыл шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі керектігін айтты.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі