«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай ауданның белсенді жастары Сарыағаш қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Ишқонов Эрмохон ақсақалдың үйіне барып, ауланы қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына жастармен бірге аудандық «Amanat» партиясының төрағасы Қ.Қыстаубаев белсене атсалысты.Ардагер жастарға соғыс кезінен әңгімелер айтып, өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Ұлы отан соғысының ардагері Ишқонов Эрмохон ақсақал 1923 жылы 1 қаңтарда Ташкент облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақыртылып, соғысқа аттанған. 1945 жылдың аяғында, аяғынан жарақат алып, жарақатына байланысты Ташкент облысына қайтарылып, 1946 жылы 13 ақпанда Қырғызстандағы авиациялық бөлімге жіберілген. 1948 жылы әскери қызметін аяқтаған. I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», «Мінсіз қызметі үшін», «Ерлігі үшін» т.б медальдармен марапатталған. Ардагердің ерлігі ұрпаққа үлгі, жастарға рух береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі