Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары бойынша «Құжаттандыру-куәліктер, паспорттар, жүргізуші көліктерін алу, әскери билеттер беру, ҰОС куәліктерін беру және т.б.» тақырыптарында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Сарыағаш аудандық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимаратында өткен іс шара барысында аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі, Келес және Сарыағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі және аудандық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандары тарапынан түсіндіру шараларымен 20 қызмет алушы тұрғындар қамтылып, қызметті алу барысында туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Айта кетсек, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы алдағы уақытта жоспарға сәйкес басқа да салалардағы тақырыптармен жалғасын табатын болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі