• Вт. Июл 22nd, 2025
Популярные метки

САЙРАМ АУДАНЫНДА КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖИІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Автор:admin

Май 15, 2024
Spread the love

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық.
Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр.Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика