• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстан Республикасының аймақтарында отбасын қолдау орталықтарын енгізуді ұйымдастыру-басқарушылық тұрғыдан қамтамасыз ету

Автор:admin

Сен 28, 2022
Spread the love

Жоғарыда аталғандардың барлығына республикалық деңгейде талап етіледі: — республикалық, жергілікті деңгейде қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметінің құқықтық негіздерін белгілейтін өзара келісілген нормативтік актілерді әзірлеу және қабылдау; — қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өздеріне жүктелген функцияларды тиімді орындауы үшін қажетті материалдық-қаржылық базаны құру. Бұл бір жағынан республикалық бюджеттен қорғаншылық және қамқоршылық органдарын және Отбасын қолдау орталықтары түріндегі сәйкес өкілетті мекемелерді қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуы үшін бюджеттік қатынастарды қайта қарауды/ профилін өзгертуді талап етеді; 79 — жергілікті басқару органдарының енжарлығы мен консерватизмін жою мақсатындағы қарқынды саяси күш, олардың қосымша қызметтерді сәйкесінше қосымша жауапкершілікті алуға ниетсіздігі, сондай-ақ мекемелердің өз жұмыстарын үйлестіруге ниетсіздігі; — ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың институциалдық реформаларын жүргізу және осындай балаларды тәрбиелейтін түрлі мекемелердің қызметтерін реттеу; — барлық мекемелердің балалықтың әлеуметтік картасын жасау және әр аумақта бала құқықтарын қорғау бойынша қызметтердің қажеттілігін анықтау, аталған қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін өкілетті мекемелер санын анықтау, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілетті органдарына айналдырылуы тиіс (Отбасын қолдау орталықтары (қызметтері) кез-келген бағыныштылық формасындағы мекемелерді анықтау және басқа мекемелерді (контингентті қолдаусыз) кезең-кезеңмен жабу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен бірлесе отырып жүргізуі; — ОҚО (ОҚҚ) жұмысын бағдарламалық-әдістемелік жасақтамасын әзірлеу және осындай мекемелерге кадрларды қайта даярлау жүйесі, мұндай мекемелердің жұмысын ұйымдастыру стандарттарын құру, жинақталған халықаралық және жергілікті тәжірибені ескеріп олардың тиімділігін бағалау әдістемесі; — каскадтық әдісті пайдаланып ИТБМ мамандарын қайта даярлау: пилоттық жобаларды іске қосу үшін мамандарды оқыту, олардың дамуы және пилоттық жобалар негізінде кадрларды одан әрі қайта даярлау; — мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің қатысуымен ОҚО (ОҚҚ) функциялары бар қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілетті мекемелерін тағайындауға ашық конкурстар өткізу бойынша шараларды қарастырып, қоғамдық ұйымдар мен басқа мемлекеттік емес мекемелерді серіктестікке тарту.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика