Бүгін Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Ғ.Жумадиловтың қатысуымен «Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы білім беру мектебінің» оқушылары және ұстаздарына алкогольді ішімдік ішуге қарсы мәдениетті қалыптастыру, лудомания, интернет алаяқтық, есірткіге қарсы тақырыптарда семинар өтті.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Жиын барысында Ғ.Жумадилов белгіленбеген орындарда суға шомылудың салдарын айтып, төтенше жағдайларды болдырмау туралы түсіндірді. Жиын соңында мектеп оқушыларды және ұстаздарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріліп, айтылған ұсыныстарды орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылатындығы түсіндірілді.