Келес ауданында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен өткен штаб отырысында аудан аумағында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.
Келес ауданында есірткі трафигі арналарын жоюға, есірткі қылмысына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені, есірткілерді тарату және тұтыну фактілерін анықтау бойынша көңіл көтеру орындарында тиісті іс-шаралар жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар бойынша Келес аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бастығы полиция подполковнигі Н. Асанов баяндаса, есірткіге тәуелділерді және есірткіні теріс пайдаланатын адамдарды мәжбүрлеп емдеу бойынша емдеу-профилактикалық мекемелер желісін кеңейту жұмыстарының барысы бойынша аудандық емхана наркологы Қ.Махатова атап өтті.
Сонымен қатар, Абай ауылы мен Біртілек ауылдық округіндегі және аудандағы білім нысандарындағы, сондай аудандық жастар ресурстық орталығының осы бағыттағы атқарған шаралары талқыланып, штаб мүшелеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі