• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕС: ТАЗАЛЫҚ САҚТАМАҒАН ТҰРҒЫНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Автор:admin

Апр 23, 2024
Spread the love

Келестік полицейлер аудан аумағында қоқыс тастаған тұрғындарды жауапқа тартты. Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап Келес ауданында қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың алдына алу мақсатында «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
– Бүгінге дейін, аудандық полиция бөлімі абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы обьектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға комуналдық қалдықтарды тастау бойынша 222 құқықбұзушылық анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — дейді аудандық жергілікті полиция қызметі бастығы, полиция подполковнигі Нұржас Асанов.
Айта кетейік, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған рейдтік шара ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін жалғасады. Өз кезегінде аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, тұрмыстық қатты қалдықтарды белгілінген орынға тастауға шақырамыз.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика