• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МЕНІҢ АТАМ — МАЙДАНГЕР

Автор:admin

Май 8, 2024
Spread the love

Жұмабаев Пердебек 1918 жылы ОҚО Келес ауданы Көлтоған ауылында дүниеге келген. Отбасында төрт ағайынды болған. 1942 жылы әскер санының жетіспеуіне байланысты Жұмабай атаның төрт ұлы отан соғысына аттанып Брест қамалын қорғаған.
Брест қамалынан Берлинге дейін барған. 1945 жылы Жұмабай атаның бір ғана ұлы жаралы күйде елге оралған. Араға бір жыл уақыт салып бақилық болған, ал екі ұлының Жұмабаев Дүйсебек пен Жұмабаев Әліпбектің тірі немесе өлі екенінен хабар болмаған. Төртінші ұлы, яғни Пердебек ата елге оралмастан Жапонияға соғысқа барған. Жапониядан 1947 жылы елге оралған.
Соғыстан елге оралған соң Қабланбек техникумын тәмәндап, Біртілек совхозында ферманың басшысы лауазымын атқарған. Еңбек жолының соңғы жылдарын денсаулығына байланысты совхоздың есепші лауазымында жұмыс істеген.
Пердебек ата 1949 жылы шаңырақ көтерген. Пердебек пен Бибіажардан 4 ұл, 2 қыз дүниеге келген. Пердебек атаның қазіргі таңда 16 немере, 36 шөбересі бар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика