• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕС: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ ЛАСТАҒАН 12 АЗАМАТҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Автор:admin

Май 11, 2024
Spread the love

Ішкі істер министрілгінің бастамасымен елімізде 10 күндік «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Келес ауданында 10 мамырдан басталған жедел-профилактикалық іс-шара барасында жол ережесін бұзған 82 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Келес АПБ ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі Нұржас Асанов мәлімдеді.
– «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты — жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау болып табылады. Іс-шараның алғашқы күнінде Қоғамдық орын мен көшелерде масаң күйде жүрген 6 азаматқа хаттама толтырылды. Бір жасөспірімнің автокөлік басқарғаны анықталып, көлігі әкімшілік айыптұраққа қойылды. Оның ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарды ластаған 12 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды, — деді полиция подполковнигі Нұржас Асанов.
Айта кетейік, заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика