• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Автор:admin

Май 9, 2024
Spread the love

Бүгін «9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығы» мерекесіне орай Жетісай қаласының орталық саябағындағы монументте мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік іс-шараға жиналғандар сұрапыл соғыста кеудесін оққа тосып, ел үшін жанын берген батыр бабаларымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындарды мерекемен арнайы құттықтады.
«Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды қастерлі де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз» деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.
Аталмыш шараға аудандық мәслихат хатшысы Медет Қасымов пен аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің 2037 әскери бөлімінің шекарашылары, ардагер ата-әжелер қатысты.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика