• Вс. Апр 20th, 2025
Популярные метки

ШАРДАРА: ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

Автор:admin

Май 7, 2024
Spread the love

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерейтойы және 7 мамыр –Отан қорғаушылар мерекесіне орай, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы,подполковник Е.Жұманов және бірқатар мекеме басшылары жеке радилокациялық бөлімін, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі және Шардара шекера бөлімінің қызметкерлерін айтулы мейраммен салтанатты түрде құттықтады. Шара «10216-Е» әскери бөлімінде өтті.
Жиында алғашқы болып сөз алған Б.Шомпиев мерекені мән-маңызына тоқталды.
«Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, таусылмас бақыт тілеймін. Ел халқына шат — шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан — теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді кірпік қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый — құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз.»— деді.
Сондай-ақ, әскери бөлім басшылары мен қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, отан қорғаушы азаматтарға патриоттық әндер тарту етілді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика