• Чт. Ноя 28th, 2024
Популярные метки

«Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасын өткізуде

Автор:admin

Май 12, 2024
Spread the love

Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған шарада полиция халыққа бірінші кезекте түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.
Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізілетін рейдтік шарада облыс халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика