Ауа-райының жауынды болған қолайсыздығына қарамастан Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды.
Аталмыш сенбілікке тәртіп сақшылары полиция бөлімінің ішкі санитарлық жағдайын арттырумен қатар, мекемеге қарасты сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Сондай-ақ арнайы киім киіп, қолдарына күрек-тырмаларын ұстаған полицейлер өздеріңе бекітілген Шақпақ-баба ауылында орналасқан Алматы-Ташкент тас жолы бойындағы көшенің қураған шөптерін шауып, қоқыс жәшігіне жиыстырса, екіншісі топырақты жерді сыпырып, айналаны тазартып бірлескен жұмыстарды бір кісідей атқарды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі