Көгалдандырумен қатар күл-қоқыстан тазарту жұмыстарынан келестік тәртіп сақшылары да шет қалған емес. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жеке құрам қызметкерлері түгелдей сенбілікке шықты. “Тазалық – табалдырықтан басталады” демекші, тәртіп сақшылары бір кісідей атсалысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Полиция ғимаратының аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бірлескен әрі жұдырықтай жұмылып ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде ғимарат аумағы көркейіп, әсемдене түсті. Осылайша, әрбір полицей тазалыққа өз үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі