Ұлы Отан соғысына қатысты естеліктерді естен шығармай, ұрпақтан-ұрпаққа соғыстың зардабы мен зорлық-зомбылыққа қарсылықты жеткізіп отыруды парыз санаймыз.
Соғыс кезінде ерлік танытқан жанның бірі- Созақ ауданы Сызған ауылдық округі Қозмолдақ елдімекенінде тұратын Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Созақ ауданының Құрметті азаматы Мырзахмет Жылысбаев.
9 -мамыр «Жеңіс күні» Созақ ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев, аудандағы майдангерлердің соңғы тамшысы, соғыстың соңғы солдаты Мырзахмет Жылысбаевтың шаңырағына барып, ұжым атынан сый — сияпат табыс етті.
Ал ардагер атамыз майдандағы естеліктерімен бөлісіп, ауданның полиция қызметкерлеріне ақ батасын берді.
Полицияның қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын қамтамасыз етудегі жұмыстарына сәттілік тіледі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі