7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және 9-мамыр Жеңіс күніне орай Кентау қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы сап түзеп, салтанатты шара өткізді.
Жиын барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы Султанбек Үсіпбеков тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтап, бір саты жоғары «полиция подполковнигі» арнаулы атағын Кентау қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Болат Асылханұлы Асановты және кезектен тыс «полиция майоры» арнаулы атағын Кентау қалалық ПБ Штаб тобының аға инспекторы полиция капитаны Мадияр Темірханұлы Әшірханды марапаттады.
«Кентау қаласына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін 11 қызметкерге және Жеңіс мерекелік «Алғыс хатын» 5 қызметкерге Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов табыстады.
Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлес қосқан қызметкерлердің еңбектері ескеріліп 15 полицейге «Алғыс» жарияланды.
Сұлтанбек Асанұлы полицейлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, деңдеріне саулық, қажымас қайрат тілеп, Отбасыларыңыздың қорғаны, ата-аналарының үмітін ақтар азамат болуына сенім білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі