• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Автор:admin

Май 9, 2024
Spread the love

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды,облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев, прокурор Мұрат Тілеубердиев, полиция, әскерилер, соғыс және тыл ардагерлері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.
Саябақтағы мемориалдық кешен тақырыпқа сай безендіріліп, келушілерге Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған көрме ұсынылды.
Арнайы әскери оркестр сүймелдеуінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалған соң жиынға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлерді, ел басына күн туған кезде өмірін құрбан еткен жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ел азаматтары ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Түркістан облысының әкімі көпшілікті Жеңіс күнімен құттықтап, бұл мерекенің маңызына тоқталды.
– Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адамзат тарихындағы ең алапат сол майданда қазақ халқы шешуші рөл атқарғаны белгілі. Еліміздің ержүрек жігіттері мен қайсар қыздары әлемде бейбітшілік туын желбірету үшін қан төкті. Ерлік көрсетіп, Ұлы Жеңіске үлес қосты. Тылда еңкейген қария мен балалардың өзі күндіз-түні еңбек етіп, жеңісті жақындатты. Сондықтан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерліктерін ұрпаққа дәріптеу – ортақ міндет. Өйткені, біз – жеңімпаз буынның ұрпағымыз! Ардагерлерімізге, олардың ұрпақтарына амандық, шаттық тілеймін!»,- деді Дархан Сатыбалды.
«Жеңіс» саябағындағы мазмұнды жиында түркістандық «Жаңа леп» ұжымы «Ер есімі – ел есінде» театрландырылған музыкалық қойылымын ұсынды. Іс-шара «Семсер» тобының орындауындағы Бағдат Алтаевтың «Жеңіс күні» әнімен түйінделді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика