7 мамыр— «Отан қорғаушылар» күні және 9 мамыр— «Ұлы Отан соғысының» 79 жылдық мерекесіне орай, Шардара ауданының полиция бөлімі ұйымдастыруымен жеке құрамды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында мерекелік жиын өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Әнұраны ырғағымен ашылып, ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас буыннан салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Сонымен қатар ішкі істер саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан Н.Исабеков, Е.Саржанов, С.Оспанов, А.Мамиров, А.Бақтияр атты полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Мерекелік шарада еліміздің тыныштығына үлес қосқан ағаларымызға иықтарына шапан жабылып, сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде зейнеткерлер мерекелік лебіздерін білдіріп, жастарға өсиет ақылдарын айтты.
Сонымен қатар жас маман қызметкері полиция аға лейтенанты З. Базарбайдың әкесі Е. Базарбайұлын арнайы бөлімге шақыртып, бөлім бастығының атынан алғыс хат табысталды.
Әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы М. Әжібековке департамент бастығының бұйрығымен арнайы полиция аға лейтенанты атағы берілді.
Іс-шара соңында полиция полковнигі Шералы Әділханұлының бұйрығымен бөлімнің жеке құрамның 32 қызметкері мен 11 ішкі істер органдарының ардагерлері алғыс хатпен марапатталды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі