Бастапқы да олар жоғалған малдарын өздері іздеп көрді, алайда одан еш нәтиже шықпаған соң, Қарнақ елді мекенінің тұрғыны Кентау қалалық полиция бөліміне хабарласып, полициядан көмек сұрады. Мал иелерінің сөзінше, жайылымдық жерден бос жайылып жүрген 3 жылқы ұшты-күйлі жоқ болған.
Жоғалған жылқыны іздеу үшін учаскелік полиция қызметкерлері тартылды. Жүйелі жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары жоғалған ірі қара малды 1 тәулікте егістік алқабынан тапты.
Өз кезегінде тұрғын жылқыларын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі