Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тікелей тапсырмасымен заңсыз жер қойнауын пайдалануды анықтау бойынша жұмыстар үздіксіз атқарылуда.
Осы бағытта бүгін полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы жиын өтті.
Аталған жиынға полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов, облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Б.Әбдешов, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Абдуалиев, Жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Ерғали, басқа да құрылым, департамент басшылары, облысқа қарасты аудан әкімдерінің орынбасарлары, полиция басқарма, бөлімдері бастығының орынбасарлары және карьер иелері қатысты.
Күн тәртібінде «жер қойнауын пайдалану» мәселелері талқыланды. Қаузалған мәселе аясында бірқатар баяндамалар жасалып, өңірде жер қойнауын пайдаланушылар, құмды-қиыршық тас, құрылысқа арналған саз топырақты заңсыз артып әкетіп жатқандарға көрілетін шара, алдын алу жайттары талқыланды. Ал карьер иелері құрылым басшыларына өздерінің көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды…