Бейбіт күні қызмет бабында қаза тапқан полицей әріптестеріміз қаншама. Соның бірі 1997 жылы 8 наурызда қызмет барысында қылмыскердің қолынан ерлікпен қаза болған Шардара аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкері лауазымында қызмет атқарған полиция старшинасы Асқар Рүстембекұлы Жәрдембаевқа арналған өмірлік және кәсіби жолдары сипатталған «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» батылдық бұрышы ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімдігі, полиция және мектеп ұжымы қатысты. «Біз өз қызметіне адал болған, ел тыныштығы үшін өмірін қиған әріптестеріміздің аруағының алдында бас иеміз. Олардың ерлігі бүгінгі полицейлерге үлгі. Ішкі істер органына келген әрбір жас осы тақта алдында Отан үшін ант береді»- деді ауданның бас полицейі Шералы Әділханұлы.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі