Шардара полициясы ұрлық қылмысын ашты. Яғни аккумулятор ұрлаған 49 жастағы күдіктіні полиция дер кезінде анықтап, қылмыстық іс қозғады.
Белгілі болғандай ер адам күндізгі уақытта қылмыстық оймен бөтеннің үйіне заңсыз кіріп, сарайының алдында тұрған аккумуляторды ұрлап кеткен. Ол ұрланған затты металл қабылдайтын орынға өткізіп жіберген.
Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі