Сайрам аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхтар Ермеков пен аудан прокуроры Дәулет Тлемисовтың бастамасымен, жеке құрам қызметкерлері тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шара ұйымдастырды.
Тәртіп сақшылары алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы әрбір тұрғынға түсіндіріп, алаяқтардан қалай қорғану керектігін хабардар етті.
Сонымен қатар халыққа өз қаражаттарына аса мұқият болып, жеке мәліметтерін ешкімге бермеуді ескертті. Тиімділікті арттыру үшін бірнеше топқа бөлініп, адамдар көп шоғырланатын аумақтарды профилактикалық шараларды атқарды.
Оған қоса азаматтарға брошюралар таратып, қырағылық танытуға шақырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі