Қазіргі уақытта алаяқтық қылмыстарының кең таралуы орын алуда. Осыған байланысты интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласының аумағында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде, орталық саябақтарда, банктердің жанында және адамдар көп жиналатын жерлерде алаяқтардың құрбаны болмас үшін адам өзін қалай ұстау керектігі жөнінде арнайы дайындалған билбордтар ілініп, жадынамалар таратылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі