• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ФОРУМ: «ОТБАСЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ»

Автор:admin

Апр 17, 2024
Spread the love

Келес ауданының мәдениет үйінде полиция, акимат және прокуратураның ұйымдастыруымен «Отбасым бақыт мекенім» тақырыбында форум өтті.
Аталмыш іс-шараға аудан әкімі Жанибек Агибаев, прокурор Нұрлан Ешенқұлов, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ерлан Жаппаров, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы және 400-ге жуық ел ағалары мен аудан жастары қатысты.
Форумда алғаш болып сөз алған әкім Ж.Агибаев бүгінгі қоғамда белең алған отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу маңызды міндет екенін атап өтті.
Прокурор Н.Ешенқұлов зорлық-зомбылықтың салдарын жойып, жазалаудан бұрын оның алдын алуға бағытталған шараларға баса мән беру керек екенін жеткізді. Ал, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Е.Жаппаров тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндап, отбасындағы заңбұзушылық мәселесі бойынша әзірленген бейнероликті көпшіліктің назарына ұсынды.
Тағылымы мол шарада Қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызы отбасы құндылығы туралы сананы серпілтетін ой қозғап, ата-ана мен бала құқығына қатысты бірқатар мәселелерге кеңінен тоқталды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика