• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстандық қоғамның заманауи ауысу барысы балалыққа қатысты әлеуметтік саясаттың қайшылықтарымен шартталады.

Автор:admin

Сен 26, 2022
Spread the love

Балалардың құқығын қорғау және сақтау бойынша конституциялық және басқа да заңнамалық кепілдіктер олардың шынайы қамтамасыз етілуімен елеулі қарама-қайшылықта болып келеді. Бұл қарама-қайшылық айрықша дағдарыстық болып, жетім қалған (әртүрлі себептермен) және әртүрлі типтегі интернаттық мекемелерде тұруға мәжбүрлі балаларға қатысты байқалады. Қазақстан өзін 1994 жылы Балалардың құқығы туралы конвенцияға қосылған және 20 жылдық тәуелсіздігіаралығында Конвенция ережелерімен және баланың отбасында тұрып, тәрбиелену құқығына сәйкес балалардың мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету көзқарасынан ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жасаған әлеуметтік дамыған және құқықтық мемлекет ретінде көрсетеді. ҚР Заңдары қабылданды: «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Мемлекеттік жастар тәжірибесі туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң және т.б. 6 2006 жылы баланың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті құрылды, оның негізгі мақсаты балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. 2007 жылы Қазақстан Үкіметімен «Қазақстан Балалары» Бағдарламасы қабылданды, онда балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасыларына жайғастыру немесе отбасылыққа жақындатылған жағдай жасау маңыздылығы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың жемісті әлеуметтік бейімделуінің маңызды механизмдерінің бірі ретінде белгіленген. Бірақ, барлық жасалған жұмыстарға қарамастан Қазақстан әлікүнге дейін барлық балаларға олардың отбасында тұрып және тәрбиеленудегі заңды құқықтарын қамтамасыз етуден алыс, ал көңілді жұбатпайтын статистиканың көрсетуінше, жылсайын республикада ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 8 мыңдай бала анықталуда, оның 3 мыңнан астамы балалар үйіне түседі. Соңғы жылдары толық мемлекеттік қамтамасыз етілуге берілген балалар санының бірізді (жылдан жылға) өсуінің негативті тенденциясы айрықша қобалжу туғызуда. Егер 2012 жылы балалар үйіне 2231 бала жайғастырылса, 2014 жылы 2839 бала, сонымен қатар 212 бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық және патронат күшін жойғаннан кейін балалар үйіне түскен.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика