Бүгін, ағымдағы жылдың 9 сәуірінде облыс орталығы — Түркістан қаласының аумағында «Антитеррор-2024» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді.
Іс-шара барысында хабарлау жүйелерін жетілдіру, штабтың террористік сипаттағы қатерлерге ден қоюға дайындығы, терроризм актісінің салдарын азайту және жою мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толық көлемде орындалды.
Тартылған мемлекеттік органдардың күшімен және құралдарымен Террористік қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі көрсетілді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШТАБЫ
Түркістан облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізілді
