2024 жылы 9 сәуір күні таңертең Түркістан қаласында «Террорға қарсы-2024» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты террористік көріністерге шұғыл ден қою, терроризм актісінің салдарын азайту мен жою жөніндегі міндеттерді орындауға штаб күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.
Осыған байланысты, облыс орталығының қонақтары мен тұрғындарынан сабырлы болуды және өткізілетін іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы