Одан әрі делегация халыққа қызмет көрсету орталығына, одан әрі Кентау қаласындағы полиция бөлімі кіші жедел басқару орталығының жұмысын бақылады. Жалпы облыстағы полицейлердің жаңа технологиялармен қамтамасыз етіліп, қолдануын тексеру шарасы Шымкент қаласында жалғасты. Мұнда тексеруші топ Қылмысты атқару жүйесінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаментінің жұмысын тексерді.
«Цифрландыру – қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды реформаның негізгі құрамдас бөлігі. Яғни полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл жұмыс ең алдымен заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын сақтауға және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тиімділігін арттыруға бағытталған», — деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі