Естеріңізге сала кетейік, полиция Сарыағаш ауданындағы құрдастары тарапынан кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
Сонымен қатар бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылып, материалдар сотқа жіберілді.
Бұдан басқа аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия күдікті яғни кәмелетке толмаған баланы Абай облысында ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа жіберу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ Түркістан облысының білім басқармасына кешенді тексеру жүргізу үшін ұсыныс хат дайындалуда.
Полицейлер заңды сақтау мен заңсыз әрекеттер жасамауды, ал ата-аналарға жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығы мен жауапкершілігін ұмытпау керектігін ескертеді.