• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Отбасылық-құқықтық қатынастар!

Автор:admin

Сен 26, 2022
Spread the love

Енді отбасылық-құқықтық қатынастардың осы белгілерін қарастырамыз: отбасылық-құқықтық қатынастардың субъектілері: ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, ата-аналар, бала асырап алушылар, балалар, туған ағалар мен қарындастар, аталар мен әжелер, немерелер, тәрбиешілер және тәрбиеленушілер, өгей балалар, өгей ата-аналар, қорғаншылар және қамқоршылар. Бұл тізім қатаң емес, өйткені отбасы құқығында заң және құқық ұқсастығы қолданылады. Ал өмір отбасылық-құқықтық қатынастардың жаңа нысандарын тудырады, мысалы, отбасы құқығында салыстырмалы түрдегі бір жаңа құбылыс – асырап алушы ата-аналар, яғни баланы өз қалаулары бойынша асырап алушылар. Осыған байланысты отбасы құқығында қамқоршы және қорғаншы органдардың рөлі өзгереді. Егер бұрынғы кезде отбасы құқығы бойынша әдебиеттерде отбасылық қатынастарға тек тұлға түсе алады десе, қазірде қамқоршы және қорғаншы органдар баланы белгілі бір отбасына беруде шарттық тараптардың бірі болып табылады. Бұл қамқоршы және қорғаншы органдарды отбасы құқығының субъектісі деп тануға негіз болып табылады.

Отбасылық-құқықтық қатынастар заңда белгіленген арнайы заңдық фактілердің негізінде пайда болады, өзгереді немесе тоқтатылады. Бала асырап алу, некені тіркеу және бұзу және т.б. бірақ көптеген жағдайларда құқықтық салдар туындау үшін деректі құрам қажет (заңды деректердің жиынтығы). Мысалы, баланы асырап алу үшін, асырап алушы мен оның жұбайының ерік білдіруі, баланың ата-аналары мен олардың міндеттерін атқарушы адамдардың келісімі, 10 жасқа толған баланың келісімі, бала асырап алу үшін сот шешімі қажет. Отбасы құқығында заңдық деректер жай мүліктер. Олар ұзақ мерзімді сипаттағы оқиғаларды білдіреді. Туыстық, ерлі-зайыпты болу, кәмелетке толмағандар, жүктілік, қажеттілік.

Отбасы құқығының қағидалары оның  неке  құқықтарын қолдану кезінде негізгі бастау алуға шоғырландырылған  негіз болып табылады. Отбасы құқығының қағидалары отбасы заңнамаларында бекітілген түрде және соған сәйкес жеке және мүліктік қатынастардың реттелуін қамтамасыз етеді.

Неке-отбасы қатынастарының қағидаларына толығырақ тоқталатын болсақ:

1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;

2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;

5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;

6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу біздің елде тек мемлекетпен жүзеге асырылады.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика