• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БҰЗАҚЫЛЫҚ ЖӘЙТІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Автор:admin

Апр 4, 2024
Spread the love

Сарыағаш ауданында бұзақылық жәйті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, олардың барлығы полицияға жеткізілді, тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Бүгінгі таңда жанжалдың шығу себептері анықталуда. Жәбірленуші анасымен бірге тұрады, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдың тұрғындары, 7-нші және 9-ыншы сынып оқушылары.
Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.
Ал оқу орындары басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады.
Іс Департамент бастығының бақылауында.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика