Түркістан қалалық полиция басқармасына Алматы облысынан келген ерлі-зайыптылар арызданды. Ер адамның айтуынша, қыдырып келген жұбайлар алдымен базардан сауда жасап, қонақ үйге орналасқан. Осы кезде әйелі көп заттың арасынан сөмкесінің жоқ екенін байқайды.
Белгісіз жағдайда жоғалған сөмкенің ішінде ақша, шетелге шығатын құжаттары, банк кәртішкілері болған. Содан олар бірден полицейлерге жүгініп, тауып беруге көмек сұрайды.
Аталған іс бойынша сол аймаққа белгіленген жауапты учаскелік полиция инспекторлары іздеу шараларына тез арада кіріседі. Олардың жүріп өткен жерлерін бейнебақылау камерамен мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алады.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған сөмкенің ішіндегі ақша мен документ толығымен дүкенінің ішінен тауып, егелеріне қайтарып берді.
Қуаныштарын жасыра алмаған жұбайлар түркістандық полицейлердің кәсіби шеберлігіне, қырағылығына дән риза болып, алғыстарын жаудырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі