• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты

Автор:admin

Апр 4, 2024
Spread the love

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 13 жасар ұлы үйге қайта оралмағанын айтып, көмек сұраған.
Полицейлер хабарламаны бірден тіркеуге алып, жоғалған баланы табу үшін толық жұмылдырды. Тәртіп сақшылары оқиға орны мен оған жақын аумақты түгел тексерді. Жасөспірімнің достары мен сыныптастарынан жауап алды. Іздеуге ауыл тұрғындары қосылды.
Нәтижесінде бейнебақылау камерасы арқылы оның жүрген жері анықталды. Яғни тәртіп сақшыларының жедел-іздестіруінің арқасында 5-сынып оқушысы таңғы уақытта көшелердің бірінен дін-аман табылды.
Белгілі болғандай, жоғалған бала үйіндегілермен сөзге келіп қалып, ренжіп кеткен. Содан сыныптасының үйінде қонған.
Қазіргі таңда жасөспірім отбасына қайтарылды. Ұлымен аман-есен қауышқан анасы жылдам әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика