• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

86%-ДАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ АЛУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Автор:admin

Июн 25, 2024
Spread the love
Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының желісі жыл сайын көбейіп келеді. Мектептердің 86%-дан астамы инклюзивті білім алуға жағдай жасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Балаларды оқу-тәрбие процесінде сүйемелдеу үшін педагог-ассистент штаты енгізілді. Қазір олардың саны 2,5 мыңнан асты.
«Оқу-ағарту министрлігі «Дара» қорымен бірлесіп 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ерте қолдау» жобасын іске асыруда. Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар.
500-ге жуық білім беру ұйымы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзету-білім беру қызметтерін көрсетіп келеді. Сондай-ақ 1051 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері жұмыс жасайды», — дейді инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Айта кету керек, 2019 жылдан бастап арнайы білім беру ұйымдарының желісі 83 бірлікке, ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту 20%-дан астамға ұлғайды. Бүгінгі таңда балалардың 76%-ы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика