• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

8 перзент тәрбиелеп отырған тәртіп сақшысы

Автор:admin

Сен 6, 2024
Spread the love

Қанат Бектұрсынов — Жетісай аудандық полиция бөлімі кезекші бөлімшесінің полицейі, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Ол өз сұқбатында: «Менің күнделікті қызметіме күні-түні 102-ге хабарласқан тұрғындардың арыз-шағымдарын тіркеу, оқиға орнына жедел-тергеу тобын жіберу кіреді. Сондай-ақ кез келген жағдайға дайын болу, құқық бұзушылықтың алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бұл- полицейлердің барлығына қойылатын басты талап! Ал отбасым, жанұядағы жақындарым мен үшін ең ізгі жандар. Бүгінде жұбайым екеуміз 8 ұл-қыздың ата-анасымыз. Өсіріп отырған перзенттеріміз елдің азаматтары болуы үшін тәртіп пен тәрбиеге баса назар аударамыз. Ең бастысы балапандарымыз аман болсын!», -деп атап өтті.
Полицей Қанаттың ішкі істер органдарында қызмет еткеніне биыл 16 жыл. Ол 2006 жылы Гулбану есімді арумен шаңырақ көтеріп, қазіргі таңда 8 перзент (1 ұл мен 7 қыз) өсіріп отырған үлгілі әке. Отбасында кішіпейіл, достары арасында абыройлы азамат.
Біз де мереке қарсаңында көпбалалы полицейдің жанұясына тек жақсылық тілейміз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика