• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

6698 ӘСКЕРИ БӨЛІМ САРБАЗДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Автор:admin

Окт 4, 2024
Spread the love

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 6698 әскери бөлім сарбаздарының қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – лудоманияның зияндылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарға психологиялық қолдау көрсету арқылы олардың өз мүмкіндіктеріне деген сенімділіктерін арттыру болды.
Кездесуге Жастар ресурстық орталығының психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы мен әскери полиция бөлімшесінің бастығы Мустафаев Қадыр Камалдинович қатысты.
Тренинг барысында лудоманиямен қатар психологиялық құбылыстардың алдын алу тақырыбы талқыланды, әсіресе қобалжу, стресс және суицид сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды. Психолог маман Сайдахан Жібек Мұратқызы семинар барысында кейбір тұлғалық проблемаларға тоқталды: сенімсіздік, қорқақтық, жалқаулық, сенгіштік және күмәншілдік. Сондай-ақ, қатысушылар қарым-қатынас дағдыларының жеткіліксіздігі, тұйықтық, адамдармен тіл табыса алмау сияқты мәселелерді талқылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика