• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

6000 ЖАНҒА АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

Автор:admin

Мар 30, 2023
Spread the love

Бүгін Шымкент орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан ел ағалары мен зиялы қауым өкілдеріне арнайы «Рамазан шатыры» атты ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Игі шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре, елге белгілі ақын Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов сынды елге белгілі азаматтар қатысты.
Берекелі шараны найб имам Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізді. Айтулы шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты. Осыдан кейін, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре дін мен дәстүр және ұрпақ тәрбиесі жөнінде уағыз жүргізді.
Рамазан айы барынша пайдалы болуы үшін, күн тәртібі мен ас мәзірін дайындап алу өте маңызды. Ораза – тән мен рухтың пайдасы, алайда адам өзі талпыныс жасап, оңды нәтижеге қол жеткізу үшін еңбек еткен кезде ғана сол пайдаға қол жеткізе алады.
Өзі-өзіне деген бейғамдық денсаулыққа айтарлықтай зиянын әкелуі мүмкін, сондықтан, сәресі мен ауызашар уақытында тұтынатын тағамдарға көңіл бөлген дұрыс. Әсіресе, оразаның алғашқы күндері ағзамыз жаңа тәртіпке үйренісуі үшін, оған демеу қажет. Денсаулық – аманат екенін естен шығармаған жөн.
Ауыз ашар жайлы айтқан кезде ардақты Елшінің с.а.у.:
«Кімде-кім ауыз ашар болса, құрмамен ашсын, себебі құрмада береке бар. Егер құрма болмаса, сумен ашсын, себебі ол тазартушы»,- деген сөзін айтпасқа болмайды.
Ауыз ашудың ең басты ережесі – шектен тыс тамақтанбау. Әйтпесе, денсаулығымызға зиян келуі ықтимал. Ауыз ашқан соң міндетті түрде намаз оқып, содан соң тамақ ішуге отырған дұрыс. Ораза кезінде ұннан жасалған, майлы, қуырылған және ащы тамақтардан бас тартқан жөн. Оның орнына жеміс-жидек, көкеніс, майсыз сорпаларды ішу керек.
Айта кетсек, бүгін шаһардағы 45 мешітте өткен ауызашар рәсіміне 6000 жанға ауызашар дастарханы жайылды. Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика