Бүгін 5 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа үміткер кәсіпкерлер өз бизнес-жобаларын комиссия алдында қорғады. Қорғау барысында комиссия мүшелері әр жоба бойынша оның өзектілігін, әлеуметтік маңыздылығын, жүзеге асыру тетіктерін және практикалық тиімділігін жан-жақты бағалады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік бағыттағы жобаларды қолдау болып табылады.
Үміткерлер өз жобаларының мазмұнын таныстырып, комиссия тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Комиссия әр жобаны белгіленген критерийлер бойынша сараптап, қорытынды бағасын қалыптастырды.
Бағалау нәтижелері жинақталып, грант жеңімпаздарының тізімі алдағы күндері ресми түрде жарияланатын болады.
