Наурыз айында орталық қызметкерлері 27 347 арыз-шағымды қарады. Оның ішінде 93,5%-ы орындалды. Қалған талап-тілектер жауапты мекемелердің қарауында. Бұдан бөлек 19473 мәселе 1 қоңырау шалудан шешілді.
Арыздар көбінесе 109 нөмірі арқылы қабылдануда. Байланыс тетігі арқылы өткен айда 23 178 шағым тіркелді. Қалған арыз-шағымдардар әлеуметтік желілер арқылы жолданған.
«i-Shymkent» ситуациялық орталықтың басшысы Азат Әміртаев сәуір айында тұрғындар тарапынан 109 бірыңғай байланыс нөміріне келіп түскен өтініштер мен ұсыныстардың орындалу барысын баяндаған болатын.
Өткен 2022 жылдың маусым айда барлығы 9967 арыз-шағым келіп түскен. Аталған өтініштердің 9407-і орындалған болса, 500-ден астам сауал қаралуда.
«Келіп түскен сауалдардың басым көпшілігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиесілі. Сәуір айына бұл саладағы өтініштердің 96 пайызына жауап берілген. Жалпы жыл басынан бері осы сала бойынша тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдарды орындау нәтижесінде 4467 қоғамдық көлік мәселесі шешімін тауып, мәселелер 15 пайызға төмендеді. Сонымен бірге заңсыз орнатылған 47 жарнама алынып, 157 жол белгілері қойылып, жолақтар сызылды. 84 көшеге асфальт төселініп, ойық жерлер қалпына келтірілді»,- деді «i-Shymkent» ситуациялық орталықтың басшысы Азат Әміртаев.
Қала басшысы аталған орталық халықпен кері байланыс орнатудың тиімді құралы екенін айтып, кез-келген өтінішке дер кезінде жауап беруді және сол шағым бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне тапсырды.
Сонымен қатар, iKomek орталығының 8777109109 WhatsApp нөмірі жұмысын бастады.
Алдыңғы жылы бірыңғай базаның веб-сайт үшін өтініштерді қабылдау модулі, мобильдік қосымшасы, тelegram-бот істеп тұр.
Instagram желісіндегі парақшасы: ishymkent109.
«i-Shymkent» ситуациялық орталығының 109 бірыңғай байланыс нөміріне келіп түскен өтініштер, ұсыныстар, сұрақтары бойынша тез әрі дер кезінде жауап қатуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған r-factor.kz ақпараттық агенттігі.