Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы «Достық үйі» ғимаратында қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен мәдениет қызметкерлері және жазушылармен кездесу өтті.
Алғашқы өзбек мәдени орталығы 1989 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында құрылған. «Қазақстан Республикасы өзбектер этномәдени бірлестіктері «Дустлик» ЗТБ 1995 жылы құрылды. 2011 жылы «Дустлик» қауымдастығы қайта тіркеуден өтті. Оның құрылтайшылары — Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы өзбек этномәдени орталықтары.
Жиынға қатысушылар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірдегі этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына мүмкіндік жасауға бағытталған шаралар өзбек этносының ақын-жазушыларының туындылары мен ұлтаралық және конфессияаралық келісім – бұл баға жетпес асылымыз, біздің бауырлас елдердің басты байлығы екені сөз болды.
Жастарды кітап оқу мен шығармашылыққа баулу мәселесі мен жас ұрпақтың өз дәстүрін, тілін ұмытпауы үшін жұмыс істейміз, оларды достық пен келісімде өмір сүруге үйретеміз. Ел бірлігін нығайту мен қазақстандық патриотизмді дамытуға үлес қосу ажеттілігіне тоқталды. Тұтас қоғам да, жеке азаматтар да бейбітшіліктің, тұрақтылық пен келісімнің өздігінен келе салмайтынын білуге тиіс. Мемлекет ұдайы этносаралық және конфессияаралық процестердің тамырын басып, жіті қадағалап отыр. Ұлттық бірлікті нығайта түсу үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен барлық мемлекеттік органдар тұрақты, күнделікті жұмыс жасауда. Тарихы тамырлас екі халықтың достығы ежелден беріктігін бұзған емес. Ата-бабамыздан қалыптасқан ұлтаралық татулықтан бірнеше мысалдар келтіріп, қазіргі біз ұрпақтар сол жолдың жалғастырушысы екенімізді жеткізді.
Қатысушылар бір сағаттық кездесудің қалай тез өткенін байқамай қалды. Кездесу соңында жазушылар өз шығармашылықтарымен таныстырып, кітаптарын сыйға таратып, ұйымдастырушылармен бірге естелік фотоға түсті.