• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

№33 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ӨЗ ҒИМАРАТЫНДА ҚАЙТА БІЛІМ АЛАДЫ

Автор:admin

Сен 24, 2024
Spread the love

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қ.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп ғимаратының қазіргі жағдайымен танысты. Биыл мектеп басшылығы ғимараттың техникалық жағдайына талдау жүргізіп, оны “апаттық жағдайда” деп таныған болатын. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тәуелсіз сараптама жасады. 2024 жылдың 24 қыркүйегіндегі сараптама қорытындысына сәйкес, ғимарат “апаттық” деп танылған жоқ.
Көзбен шолу барысында кәріз жүйесінде ақаулар анықталды. Салдарынан қабырғаларда көгеру мен жарықтар пайда болған, алайда бұл ғимараттың сейсмикалық беріктігіне әсер етпейді. Қала әкімі салалық басқарма басшыларына қысқа мерзімде бірінші қабатта ағымдағы жөндеу жүргізіп, кәріз жүйесін жаңартуды тапсырды. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін, қазан айынан бастап оқушылар өз мектебінде білімін қайта жалғастырады.
Айта кетейік, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары «Раушан Үкібас» жеке мектебінің ғимаратына, ал 5-11 сынып оқушылары №2 өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылған.
Шымкентте әлеуметтік нысандармен бірге стратегиялық маңызды объектілер де мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Кезінде бұлардың барлығы да әртүрлі жолмен жекешеленіп кеткен болатын. Бұл жолы сумен жабдықтау және су бұру нысандары қайтадан мемлекет балансына алынады.
Премьер-министр төрағалығымен өткен экономи­ка­ны монополиядан арылту жө­ніндегі комиссия шешімімен мегаполисте кезінде заңсыз берілген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. 1996-1998 жылдары сол тұстағы әкім шешімімен сумен жабықтау және су бұру нысандары монополиядан арылту мақсатында бәсекелестікке берілді.
Қалада заңсыз құрылыстарға мониторинг тұрақты жүргізілуде. Басқарманың мәліметінше, 16 құрылыс нысаны бойынша әкімшілік айыппұл салынған. Жер телімдерін сатып алып, тиісті құжаттарын рәсімдемей, құрылысты бастап кеткен бірқатар жағдайлар анықталған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика