• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

31 МАМЫР — САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

Автор:admin

Май 31, 2023
Spread the love

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы орайда, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне экскурция жасады.
Жоба мақсаты – жастарды тарихымызда орын алған кезеңдер мен қуғын-сүргіннің құрбандары болған қоғам қайраткерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру және тарихқа құрмет көрсетуге баулу.
Музейдің экскурсия жүргізушілері тарихта болған оқиғалар мен ҚарЛАГ тұтқындары туралы әңгімелеп, залда орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі кезеңдерінің тарихын баяндады.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейі — елдегі ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға арнап ашылған тұңғыш мекеме. Онда 16 мың құжат жиналған және қуғын-сүргінге ұшыраған 4057 адамның тізімі бар.
31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі — жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.
Кеңестік тоталитаризмнің зұлым саясаты мен зұлмат әрекеті ешбір елді таңдап, ешбір адамды талғаған жоқ. 1920-1950 жылдары Кеңестер Одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақтың қаншама қабырғалы тұлғалары сол солақай саясаттың құрбандарына айналды.
Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық» — деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде.
Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика