Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылғы 1 қаңтарға ел халқының саны — 20 млн-нан асты. Бұл ретте жас топтары бойынша мынадай бөліністер байқалды: 25 жасқа дейін — 8,5 млн адам (42,6%), 25 жастан 65 жасқа дейін – 9,7 млн адам (48,5%), 65 жастан асқан – 1,8 млн адам (8,9%).
Қазақстанда халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді деп болжануда.
- Өмір сүру ұзақтығы және қарт адамдардың үлесі
Өмір сүру ұзақтығы (халықтың өлім-жітім деңгейі қарастырылып отырған жылмен бірдей болған жағдайда, адамның орташа өмір сүру ұзақтығының мәні) пандемия жағдайында (2020-2021) төмендегеннен кейін 2021 жылғы 70,23-тен 2023 жылы 75,09 жасқа дейін өсті.
2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | |
Бүкіл халық |
70,62 |
71,44 |
71,97 |
72,41 |
72,95 |
73,15 |
73,18 |
71,37 |
70,23 |
74,44 |
75,09 |
Ерлер | 65,91 | 66,90 | 67,49 | 67,99 | 68,72 | 68,84 | 68,82 | 67,09 | 66,33 | 70,26 | 70,99 |
Әйелдер | 75,23 | 75,82 | 76,26 | 76,61 | 76,92 | 77,19 | 77,30 | 75,53 | 74,03 | 78,41 | 79,06 |
БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты 2050 жылға қарай демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді (60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2008 жылғы 9,7%-дан 2023 жылы 13,6%-ға дейін өсті және осылай өсуін 2050 жылға қарай 16,7%-ға дейін жалғастыра бермек. Яғни 2050 жылға орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 және одан жоғары жаста болады).
60 жастағы және одан асқан адамдар үлесінің нақты дерегі мен болжамы
- Жиынтық туу коэффициенті
Халық құрылымына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — жиынтық туу коэффициенті (ЖТК). Ол бір әйелдің бала туу қабілеті бар кезеңде (яғни 15 пен 50 жас аралығында) орташа есеппен қанша рет босана алатынын көрсетеді.
2022 жылдан бастап бұл көрсеткіштің 2023 жылы 3,05-тен 2,96-ға дейін төмендеуі байқалды. БҰҰ болжамдарына сәйкес Қазақстандағы туу коэффициентінің 2050 жылға қарай бір әйелге шаққанда 2,42 балаға дейін одан әрі төмендеуі күтілуде.
Жылы | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 |
Бір әйелге шаққандағы балалардың ЖТК |
2,77 |
2,73 |
2,84 |
2,90 |
3,13 |
3,32 |
3,05 |
2,96 |
Бала туу көрсеткішінің төмендеуі — бүкіл әлем үшін жаһандық үрдіс. Туу көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы жағдайында 1 еңбекке қабілетті адамға түсетін демографиялық жүктеме артады.
- Көші-қон сальдосы
ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілдігі (БҰҰ-ның халық қоры) Қазақстан Республикасының халқы саласындағы жағдайды талдау[1] атты есебінде 2050 жылға қарай 1000 адамға шаққанда 0 көші-қон сальдосына біртіндеп қол жеткізуді болжайды. Бұл «Республиканың жұмыс күшіне жоғары сұранысынан, елеулі этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуынан, Қазақстаннан оңтүстікке қарай орналасқан елдердегі халықтың жылдам өсуінен болатын экономикалық дамуымен» бейімделеді.
Төменде 2016-2023 жылдардағы иммигранттар мен эмигранттардың саны келтірілген:
Жылы | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 |
Келгендер | 13 755 | 15 595 | 12 747 | 12 255 | 11 370 | 11 039 | 17 425 | 25 387 |
Кеткендер | 34 900 | 37 725 | 41 868 | 45 225 | 29 088 | 32 256 | 24 147 | 16 094 |
Өздеріңіз байқағандай, пандемиядан кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны соңғы екі жылда 2 еседен аса өсіп, 2020 жылдан бері кеткендердің саны 2 есеге азайды.
- Әлеуетті қолдау коэффициенті
65 жастағы және одан асқан адамдардың санына бөлінген еңбекке қабілетті жастағы адамдардың саны (25 жастан 64 жасқа дейін) ретінде есептелетін әлеуетті қолдау коэффициентінің төмендеуі байқалады.
Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25-64 жас) зейнеткерлерге (65+ жас) арақатынасы 2012 жылғы 7,7-ден 2023 жылы 5,49-ға дейін төмендеді, БЖЗҚ мен БҰҰ болжамдарына сәйкес, Қазақстанда әлеуетті қолдау коэффициентінің 2050 жылға қарай шамамен 4,0-ге дейін төмендеуі жалғасады. Бұл еңбекке қабілетті халыққа түсетін «жүктемені» арттырады.
Әлеуетті қолдау коэффициентінің нақты дерегі мен болжамы
Қазіргі демографиялық трендтер мен ұзақ мерзімді сын-қатерлер қоғамға зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты маңызды міндет қойып отыр. Бұл міндетті дамудың демографиялық және экономикалық үрдістеріне неғұрлым тегеурінді бола алатын жинақтаушы зейнетақы жүйесі шешеді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға еңбекке жарамды уақытында өздерінің зейнетақы жинақтарын табыстарына сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, азаматтар және жұмыс берушілер арасында қайта бөлу арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға және болашақта зейнетақы мөлшерін арттыруға ықпал етеді.
Осылайша, зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы құрамдауышты дамыту және нығайту оның орнықтылығын және демографиялық өзгерістерге бейімделуін, болашақтағы зейнеткер буынның жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етудің, қаржылық тәуекелдерді бейтараптандырудың негізгі факторы болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде 5% мөлшеріндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізу көзделген.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
[1] https://kazakhstan.unfpa.org/sites/default/files/pub-pdf/АНАЛИЗ ПОЛОЖЕНИЯ.pdf