Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Жақсылық түрлі формада көрініс табады.
Біреу көрші апаның ауыр сөмкесін үйіне жеткізіп салса, екіншісі егде кісіге автобуста орын береді, енді біреуі жылап жатқан баланы жұбатады, ең ақыры үйсіз жануарларды тамақтандырады. Жақсылықтың түрі өте көп.
Қайырымдылық – адам жанының нұры.
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады.Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.